Қоғам

Air Astana Нұр-Сұлтаннан Лондонға әуе рейстерін жандандырады

Қазақстандықтар Англия астанасына биыл 12 наурыздан бастап ұша алады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Лондон бағыты бойынша рейстерді жандандырады.
"Лондонға қайта ораламыз. 12 наурыздан бастап біз сәрсенбі және сенбі сайын жаңа Airbus 321 LR ұшағымен Нұр-Сұлтаннан Лондонға ұшамыз", - деп мәлімдеді Air Astana баспасөз қызметі.
Ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағатты құрайды. Билеттерді әуе компаниясының сайтынан сатып алуға болады. Билет құны бір жаққа 266 мың теңгеден басталады.
Вакцина салдырмаған немесе рұқсат етілмеген вакцинаны алған жолаушылар ПТР-тест тапсыруы қажет.
Барлық жолаушы Ұлыбританияға ұшып келгенге дейін 48 сағат ішінде арнайы форма (PLF) толтырады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей 36 ел үшін әуе кеңістігін жапты
Ұлыбританияда рұқсат етілген вакциналар тізімі:
Oxford/AstraZeneca
Pfizer BioNTech
Moderna
Janssen
Sinovac-CoronaVac
Sinopharm Beijing
Covaxin
Вакцина сертификатын растайтын құжат ретінде пайдаланатын жолаушылар оны ұлттық немесе мемлекеттік денсаулық сақтау органы бергеніне, ағылшын, француз немесе испан тілінде жазылғанына көз жеткізуі керек.