Экономика

ВТБ Қазақстан Visа картасы арқылы онлайн-операция жүргізуге тосқауыл қойылғанын растады

Банк мәліметінше, бұл клиент ақшаларының сақталауына кері әсер етпейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. ЕБ ВТБ банк (Қазақстан) АҚ корпоративтік коммуникация қызметі Visa карталары арқылы онлай-операциялар жүргізуге тосқауыл қойылғанын растады.
Банк мәліметінше, бұл клиент ақшаларының сақталауына кері әсер етпейді.
"VISA санкциялар уақытына ВТБ банкімен әріптестігін тоқтатты", - деп хабарлады ВТБ банк (Қазақстан) баспасөз қызметі.
"Төлем жүйесінің тоқтатылуы клиенттердің ақшаларының сақталуына әсерін тигізбейді. Қолма-қол ақша алу үшін клиенттер банк банкоматын пайдалана алады. Банк заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді жалғастырады", - делінген хабарламада.