Қоғам

Тоқаев заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Президент энергетиканы дамтыу мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Жиынға премьер-Министр Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, өңірлердің әкімдері қатысты.
Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы энергетика министрлігі мен қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.