Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина келіссөзінің екінші кезеңі бүгін өтуі мүмкін

Ресей мен Украинаның келіссөзі бүгін, 2 наурызда, Беларусь пен Польша шекарасына жақын жерде болуы мүмкін екені хабарланған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Украина жоғарғы радасының "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия Ресей Федерациясымен сәрсенбіде келіссөз өтетінін айтты.
"Болады" деп жауап жазды ол "келіссөз бола ма" деген сұраққа Facebook парақшасында.
Бұған дейін келіссөзді ұйымдастыруға қатысатындардың бірі белаурсьтік саясаткер Юрий Воскресенский РИА Новостиге Ресей мен Украинаның келіссөзі бүгін, 2 наурызда, Беларусь пен Польша шекарасына жақын жерде болуы мүмкін екенін айтқан.
Келіссөздің нақты уақыты хабарланған жоқ.