Қорғаныс министрлігі әскери техниканы тасымалдауға қатысты жағдайды түсіндірді

Әскери техникажоспарлы түрде, оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бір жерден екінші жерге жылжытылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанда қазіргі уақытта әскерлердің жауынгерлік даярлығы аясында әскери техникалар бір жерден екінші жерге жылжытылып жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
"Қазақстанның Қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіліп жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.
Атап айтқанда, осы күндері қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің шәкірттеріне практикалық сабақ өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді.
25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберіледі.
1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, "Айша-бибі" полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникаларды жылжыту жоспарланып отыр.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ – қорғаныс министрлігі