НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинада қалған жүк көлігі жүргізушілерін елге қайтару бойынша іс-шаралар кешенін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиғалардың басталуына дейін Украина аумағында 50-ге жуық қазақстандық жүк автокөлік құралы болған. Оларды ел аумағынан шығару үшін тасымалдаушылардың тізімі жасалды.
Министрліктің хабарлауынша, тізім сыртқы істер министрлігіне берілді.
Сондай-ақ министрлік Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына машиналар мен жүргізушілерден қосымша құжаттарды талап етпей, рұқсаттама ұсыну мәселелері бойынша жүгінді.
Айта кетері, 28 ақпанда индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қазақстандық тасымалдаушылардың Украинадан шығуы үшін "жасыл дәліз" ұйымдастыру жөнінде уәкілетті органдармен келіссөздер жүргізген болатын.
Нәтижесінде бүгінгі таңда 3 қазақстандық жүк көлігі "Роварусская" өткізу пункті арқылы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Қазіргі уақытта тағы 8 көлік Украина-Молдова шекарасынан "Старокозаче-Тудора" өткізу пункті арқылы өтеді. Қалған қазақстандық жүк автомобильдерін шығару бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Кеңес барысында тасымалдаушыларға бірқатар ұсыныс жасалды. Атап айтсақ:
жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдова шекараларына бағыттау (елдің аталған аумағында жағдай тұрақты және өткізу пункттері ашық);
көлік құралдары Киев пен Киев облысына жақын жерде болған жағдайда оларды жағдай тұрақталғанға дейін қоймалар, көпірлер мен басқа да құрылыстардан қауіпсіз қашықтыққа жылжытып, орналастыру.
Сонымен қатар тасымалдаушылардың назарына Беларусь шекарасы арқылы "жасыл дәліз" ашу мәселесінің пысықталып жатқаны туралы ақпарат жеткізілді.
Анықтама үшін:
ҚР ИИДМ ахуалдық орталығының телефон нөмірі: +7 (7172) 98-35-35; 98-35-33,
ҚР ИИДМ ахуалдық орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігіндегі тұлғалармен байланыс үшін:
Құрметті консул: Медяник Инна Сергеевна, Днепропетровск облысы, Днепр қаласы, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22 үй,
тел: +38 (098) 222-94-37, consul.kz.dp@gmail.com;
Құрметті консул: Наджафли Эмин Муса оглы, Харьков, Полтава және Сумы облыстары, Харьков қаласы, Полтавский шлях көшесі, 7 үй, тел: +38 (067) 190-77-77, consul.kz.kh@gmail.com;
- Құрметті консул: Продаевич Сергей Александрович, Одесса, Николаев және Херсон облыстары, Одесса қаласы
Пантелеймоновская көш., 101/11 үй, тел: +38 (094) 949-27-52, consulkzod@gmail.com;
- Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна, Львов, Закарпатская, Ивано-Франковская, Черновицкая, Тернопольская, Хмельницкая, Ровенская және Волбна облыстары, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1 үй, тел: +38 (032) 240-36-70, consul@kazconsul.com.ua.
Сондай-ақ "ҚТЖ "ҰК" АҚ жанында теміржол жүк тасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылды, оның ішінде:
- жүктерді басқа мекенжайға жіберуге өтінімдерді қабылдау және консультациялар бойынша (аялдау бекеттерін өзгерту, бастапқы тиеу станциясына қайтару және т. б.) жауапты "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің бас менеджері С. Абжалеев тағайындалады, тел. 8 (702) 164-55-39, 60-31-33;
- Кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ-нан кедендік қызмет департаментінің бас менеджері Г. Н. Хайрулина тағайындалады, тел. 60-30-19, 8 (701) 341-32-20
- Ресей, Украина, Белоруссия және ЕО аумағында тасымалдауды ұйымдастыру бөлігінде кеңес беру "KTZ Expres" АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары А.И. Капар тағайындалады, электрондық мекен-жайы a.kapar@ktze.kz , тел. +7(702) 788-68-87