Қоғам

Президент жоғары кеңестің отырысын өткізеді

Жиында геосаяси ахуалдың шиеленісуі мәселесі қарастырылмақ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізеді.
"3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ.
Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды.