НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елорда атауын Астанаға қайта өзгерту туралы сұраққа жауап берді.
"Ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Қошанов журналистерге.
Сондай-ақ оның айтуынша, депутаттар бастама танытып, мұндай ұсыныс жасамайды.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бұл идеяны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.