Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев Ресеймен келіссөзге дайын, алайда ультиматумын орындамайды – СІМ

Дмитрий Песков ресейлік делегация украиналық тарапты кешке қарай келісілген жерде күтетінін айтқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Киев Ресеймен келіссөз өткізуге дайын, алайда Ресейдің ультиматумын орындауға дайын емес, деп хабарлады Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің бірінші кезеңі 28 ақпанда өткен болатын. Бүгін, 2 наурызда, келіссөздің екінші кезеңі беларусь-польша шекарасында өтеді.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация украиналық тарапты кешке қарай келісілген жерде күтетінін айтқан болатын.
"Қазір біз келіссөз бен дипломатияға дайынбыз. Алайда Ресейдің қандай да бір ультиматумын орындауға дайын емеспіз. Кезекті келіссөз қашан өтетіні әзірге белгісіз", - деп келтірді Кулебаның брифингтегі сөзін РИА Новости.