НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Ресей арқылы транзитте қиындықтарға тап болды.
Ресейге қарсы енгізілген санкциялар мен оларды реттеудің механизмдерінің жоқтығынан Ресей аумағы арқылы Еуроодақ елдеріне тасымалданатын көптеген қазақстандық жүк теңіз порттарында тұрып қалды
Бұл ретте, Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуроодақ елдерінің нарығына автомобиль көлігі арқылы қазақстандық тауарлар кідіріссіз өтеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауарларды межелі елдерге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етудің жолдарын қарастырып жатыр.