Оқиға

Екібастұзда 33 жастағы әйел екі баланы қағып кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 15 жастағы жасөспірім мен 5 жасар баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Балалар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.
Жол апаты 1 наурыз таңғы сағат сегіз шамасында болған.
"Екібастұзда М.Жүсіп – Торайғыров көшелерінің қиылысында Hyundai Accentкөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 15 және 5 жастағы балаларды соққан. Олар жаяу жүргіншілер жүретін жерден өтіп бара жатқан", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары зардап шеккен балаларды ауруханаға апару туралы шешім қабылдаған, деп жазады polisia.kz.
Қазіргі уақытта көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама жасалады. Көлік уақытша сақтау тұрағына жеткізілді.
Өңірлер
Ұйқысы қанбаған павлодарлықтың кесірінен бірнеше жол апаты болды