НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. "Аманат" партиясы (бұрынғы Nur Otan) мемлекеттік қайта тіркеуден өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
"Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға және Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді", - делінген хабарламада.
"Аманат" партиясы атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр.
Сондай-ақ, партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.