Әлем

Ұлыбританияда Қазақстан мен Әзербайжанға санкция енгізу ұсынылды

Ұлыбритания парламенті мүшесінің ойынша, Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Ұлыбританияның парламенті Ресейге қарсы санкцияларды талқылауды жалғастырып жатыр.
Бүгін парламент мүшелерінің бірі Маргаред Ходж Қазақстан мен Әзербайжанға да қарсы санкция енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл екі ел Путинді қолаушылар.
"Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізіле ме", - деп сұрады ол Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Тарасстан.
Оның сұрағына жауап берген ведомство басшысы Қазақстан мен Әзербайжанға қатысты мәселе зерттеліп жатқанын айтты.
Министр қазіргі күні Ұлыбритания Ресей мен Беларуське санкция енгізу мәселесімен айналысып жатқанын атап өтті.