Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізілді – видео

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Украинада болған 175 қазақстандық Польша арқылы Алматыға эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Азаматтар мінген ұшақ Польшаның Катовице қаласынан ұшып шыққан. Оларды елге Эйр Астана әуе компаниясының ұшағы тасымалдады.
Алматы әуежайында оларды журналистер мен туыстары күтіп алды. Қазақстанға эвакуацияланғандар арасында 169 ересек, 6 бала бар.
Украинада болған 175 қазақстандық елге оралды
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өткені хабарланды. Қазақстандықтар Польшаның Катовице қаласы арқылы Қазақстанға эвакуацияланды.