Оқиға

Теңіз вахталық кентінде өндірістік қалдық өртеніп жатыр – видео

Өрт бүгін жергілікті уақытпен 16:40-та тұтанды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде өндірістік қалдық өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та тұтанды.
"Жылыой ауданында орналасқан Теңіз вахталық кентінде өндірістік қалдық өртенді. "Теңізшевройл" ЖШС өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт болып жатқан алаңның ауданы - 200 шаршы метр. Өртті сөндіруге "Теңізшевройлдың" өрт сөндіру қызметінен 17 қызметкер мен 4 техника, "COCR" ЖШС-нен 6 қызметкер жұмылдырылған", -делінген хабарламада.
Оқиға орнына Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 2 техника жолға шықты.
Аудан орталығы – Құлсары қаласы мен Теңіз вахталық кентінің аралығындағы қашықтық - 90 шақырым.