АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Ресейдің Сбербанкіне қатысты санкциялардың енгізілуіне байланысты банктің Қазақстандағы филиалының клиенттерінде көптеген сұрақ туындады.
"Қазір банк клиенттерін операциялық қызметке, қолжетімді сервистер мен қызметтерге, сондай-ақ шоттары мен жинақ ақшасына қатысты бірқатар сұрақ қызықтырады. Банк қазақстандық банктердің клиенттерінде туындайтын, жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады", - делінген банк таратқан ақпаратта.
Көпшілік қандай санкция туралы айтып жүр?
Мәселе бір немесе бірнеше қаржы институтына қатысты қолданылатын қандай да бір шектеу шаралары туралы болып отыр. Қазір кейбір банкті SWIFT жүйесінен ажырату шаралары көп талқыланып жатыр.
SWIFT қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?
SWIFT (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunications) – бүкіл әлем бойынша банктерге арналған қорғалған электрондық пошта. Оның көмегі арқылы банктер кімге және қанша ақша аудару жөнінде ақпарат алмасады. SWIFT төлемдерді өңдеу тәсілі емес және іс жүзінде ешқандай ақша аударымын жасамайды және қаражатты сақтамайды.
Қандай да бір банкті SWIFT жүйесінен ажыратса, не болады?
SWIFT жүйесінен ажыратылған банктер басқа банктерге клиентінің қанша ақша аударғанын және қанша аудару қажет екенін немесе клиенттің шотынан қанша ақша шешу керек екенін хабарлай алмайды. Соған сәйкес байланыс нашарлап, шетелге ақша аудару қиындайды. Қазір кейбір банк SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратылды.
Қазақстандық банк клиенттеріне бұл қалай әсер етеді?
Қазақстанның қаржылық жүйесі тәуелсіз, сондықтан теңгедегі төлем мен ақша аударымдарына бұл еш әсер етпейді. Бұрынғыдай ақша аудару, төлем жасау, айырбастау, несие алу немесе депозиттер ашу операцияларын жасауға болады.
Сондай-ақ SWIFT жүйесінен ажыратылған банктер шетел валютасында ақша аударып, төлем жасай алмайтынын ескерген дұрыс. Алайда мұндай банктердің клиенттері басқа банкке әркез теңгеде ақша аудара алады және басқа банктен валютада ақша аударымын жасай алады.
Сонымен қатар аталған банктердің клиенттері банк ішінде валютада ақша аударымын еркін жасай алады немесе банктің кассаларында қолма-қол ақша шешіп ала алады.
Менің ақшама не болады?
Банк толық жауапкершілікті өзіне алады және ақшаңыздың сақталатынына кепілдік береді. Ақшаны бұрынғыдай қолдануға болады. Біздің барлық бөлімше, онлайн қосымшалар қалыпты жұмыс істейді.
ҚР банктері арасында теңгеде ақша аударымын жасай аламын ба?
Иә, ҚР банктері арасында теңгеде ақша аудара аласыз, барлығы қалыпты жұмыс істейді. ҚР банктері арасында
АҚШ долларында ақша аударымын жасай аламын ба?
Иә, долларда ақша аудара аласыз, барлығы қалыпты жұмыс істейді.
Рубль немесе доллар аудара аламын ба?
Шетелге доллар және рубль аудара аласыз. Барлығы қалыпты жұмыс істейді.
Теңгеде төлем жасай аламын ба?
Иә, теңгеде төлем жасай аласыз, барлығы қалыпты жұмыс істейді.
Менің VISA және Mastercard карталарым жұмыс істей ме?
Иә, VISA және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталары бойынша операциялар бұрынғыдай жұмыс істейді.
Жалақымды картама теңгеде ала аламын ба?
Иә, картаға қаражат аударуды қосқанда, барлық операциялар қалыпты жұмыс істейді.
Валюта айырбастай аламын ба?
Қазір айырбастау операциялары еш шектеусіз жүргізіледі. Айырбастау операцияларын СберБанктің бөлімшелерінде, сондай-ақ Sber KZ және СберБизнес мобильді қосымшаларында жүргізе аласыз.
Интернетте төлем жасай аламын ба?
Иә, VISA және Mastercard карталары жұмыс істейді, соның ішінде интернетте ақы төлеген кезде де жұмыс істейді.
Ресейге/ Өзбекстанға/Қырғызтанға/Тәжікстанға ақша аудара аламын ба?
Аталған елдерге ақша аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді.
Мобильді қосымша жұмыс істей ме?
Иә, Sber KZ және СберБизнес (заңды тұлғаларға арналған) мобильді қосымшалары әдеттегідей жұмыс істейді. Біздің қосымшаларымыз жаңа өнімдер мен сервистердің іске қосылуына қарай үнемі толықтырылып және жақсартылып отырады.
Менің салымдарым кепілдендірілген бе?
Банк толық жауапкершілікті өзіне алады және ақшаңыздың сақталуына кепілдік береді. Ақшаңызды бұрынғыдай қолдана аласыз. Банктің барлық бөлімшелері, онлайн қосымшалары штаттық тәртіпте жұмыс істейді.
Менің кредитім не болады?
Кредит бойынша еш өзгеріс жоқ. Кредит бұрынғы режимде өтеледі.
Депозитім не болады?
Банк толық жауапкершілікті өзіне алады және ақшаңыздың сақталуына кепілдік береді. Ақшаңызды бұрынғыдай қолдана аласыз. Біздің барлық бөлімшелеріміз, онлайн қосымшаларымыз штаттық тәртіпте жұмыс істейді.
Ескере кетер жайт, СберБанк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы. Салымшылардың ақшасын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырады.
Өз шотымнан валюта ала аламын ба?
Иә, хабарласқан кезде валюталық шотыңыздағы барлық қаражат қолжетімді болады. Банктің кез келген бөлімшесіне келіп, шотыңыздан валюта ала аласыз.
Ескерер жайт: хабарласқан күні 10 000 USD дейін соманы алуға болады. 10 000-на 50 000 USD дейін алдын ала тапсырыс беру арқылы аласыз. 50 000 USD жоғары қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы аласыз.
Төлем сервистерінің көмегімен есептесе аламын ба?
Иә, барлық сервис кедергілерсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ операцияларды Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және SberPay арқылы жасай аласыз.
Шетелде Сбер картасын қолдана аламын ба?
Иә, шетелде пластикалық карталар бойынша барлық операцияны, әдеттегідей еш шектеусіз жасай аласыз.
Валютаны қалай сатып алуға және сатуға болады?
Қазір ағымдағы бағам бойынша валюта айырбастау еш шектеусіз жүргізіледі. Ағымдағы бағам бойынша валютаны СберБанктің бөлімшелерінде немесе Sber KZ және СберБизнес мобильді қосымшаларында айырбастауға болады.