НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. KASE Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 494,74 теңге болды.
Бір күн бұрын доллар бағамы 495 теңге деңгейінде болды. Осылайша ұлттық валюта аздап – 0,24 теңгеге нығайды.
2022 жылдың 1 наурызында KASE-де сауда әдеттегідей Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.15-тен 17.00-ге дейін басталды. Ал бір күн бұрын сауда-саттық сағат 15.00-де басталып, Франкфурт аукционы форматында өтті.