Экономика

Санкциялық текетірес: Тоқаев Қазақстан экономикасы дайын болуы керектігін айтты

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге шақырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасы санкциялық сын-қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар жұмыс жиналысын өткізгенін айтты. Үкімет алдына санкциялық текетірестің ушығуы жағдайында елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылды.
"Біздің экономикамыз дағдарыс жағдайында үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін санкциялық сын-қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы қажет", - деді Тоқаев Nur Otan (жаңа атауы "Аманат") партиясының кезектен тыс XXII съезінде.
Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан ортақ күш-жігер арқасында алдағы қиындықтар мен сын-қатерлерді еңсере алады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге шақырды. Оның айтуынша,Қазақстан өз тарапынан барлық көмекті, соның ішінде делдалдық қызмет ұсынуға дайын.
"Біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан жаман бітім артық. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды", - деді президент.
Саясат
Тоқаев 16 наурызда жаңа саяси реформаларды жария етеді