Экономика

Доллар шарықтап кетті - ұлттық банк төрағасы қандай шара қолданылатынын айтты

Банк төрағасының айтуынша, қолға алынған шаралар теңгедегі активтердің тартымдылығын сақтауға көмектеседі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенцияларды жүргізу жалғасады. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ұлттық банк нарықтық бағам белгілеуге кедергі келтірмейді. Еркін өзгермелі бағам кезіндегі инфляциялық таргеттеу режимін ұстауды жалғастырады. Бұл ретте біз қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастырамыз", - деді Пірматов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қолға алынған шаралар теңгедегі активтердің тартымдылығын сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, айырбастау бағамына түсетін қысымды төмендетуге және инфляцияның елеулі түрде өсу тәуекелін жеңілдетуге бағытталған.
Ол Қазақстанның халықаралық резервтеріне де тоқталды. 25 ақпандағы жағдай бойынша 87,7 миллиард долларға жетті.
"Соның ішінде ұлттық қордың активтері - 54 миллиард доллар, алтын-валюта резервтері 37,7 миллиард доллар болды ", - деп атап көрсетті ұлттық банк басшысы.
Экономика
Алматының айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден асты