НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллар бағамы төмендеді.
Қазақстандық қор биржасынының мәліметіне сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 487,75 теңгені құрап, 7,25 теңгеге төмендеді.
1 наурызда Ұлттық банк белгілеген доллардың ресми бағамы 495,0 теңге екенін атап өткен жөн.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сату бағасы - 487,26 теңге, сатып алу құны - 492,84 теңгені құрап отыр.
Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы - 486 теңге, сату - 491,48 теңге.