Өңірлер

Алматыда 2 наурызда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатады

"Қазтелерадио" тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Алматыда 2 наурызда теле-радио тарату уақытшы тоқтайды, деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ.
Бұл Көктөбе станциясындағы жөндеу жұмыстарымен байланысты.

"2 наурызда сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін "Алматы" (Көктөбе) радиотелевизиялық станциясында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.