НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. 44 жастағы Алматы қаласының тұрғыны 14-ші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сәбидің салмағы төрт келіден асады, ал бойы 55 см. Анасы екеуінің жағдайы жақсы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қан кету қауіпі жоғары болғандықтан сәбиді дүниеге әкелу процесіне перинаталдық орталықтың барлық бригадасы жұмылдырылды.
Осымен әйелдің жеті ұл және жеті қызы бар.
"Біз жаратқанның берген сыйын қуанышпен қабылдадық. Біз үлкен отбасымыз. Қазір менің үлкен ұлым әке болуға дайындалып жүр. Бізге көмектескен дәрігерлердің барлығына рақмет", - деді Елена Бородюк.