НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк жаһандық қаржы нарығындағы құбылмалықтың күшенюі аясында теңге бағамын қолдау үшін 98,1 млн АҚШ долларына интервенция жасады.
"28 ақпанда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті. Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді. Ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлттық банк валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ долларын құрады, банктің қатысу үлесі 61,5% болды.