НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Украина әскери теңіз күштерінің әскерилері Зеленскийдің шекарашылар өліміне қатысты ақпаратын жоққа шығарды.
Змейный аралының әскерилері тірі және тұтқынға алынды, деді Украина әскери теңіз күштері Facebook-те.
Президент Зеленский бұған дейін барлық украиналық теңіз әскерилері мен шекарашылардың қаза тапқанын, оларды қайтыс болғаннан кейін марапаттағанын айтқан.
"Олардан әскери қимылдарға қатысудан бас тару туралы қолхат алынып жатыр. Жақын күндері әскерилер отбасына оралады", - деді генарал-майор Игорь Конашенков.
РФ қорғаныс министрлігінің өкілі әскери қимылдар өтіп жатқан ауданда жағдай тұрақталғаннан кейін олар үйлеріне қайтарылатынын атап өтті.
Әскерилер өздерін қаза тапқаннан кейін марапаттағынын естігенде мұндай марапаттың қажеті жоқ екенін айтқан. Оларды мүмкіндік бола тұра аралдан эвакуацияламаған.
Сарбаздарды ресейлік кеме алып кеткенде украиналық кемелер соңынан қуып, алтауы атыс кезінде суға батты.