Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей 36 ел үшін әуе кеңістігін жапты

Бұл Ресей ұшақтарының ұшуына тыйым салған еуропалық елдерге жауап ретінде енгізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Ресей өз әуе кеңістігі арқылы 36 елдің әуе компаниясының қатынауына шектеу қойды, деп хабарлады Росавиация.
Бұл Ресей ұшақтарының ұшуына тыйым салған еуропалық елдерге жауап ретінде енгізілді.
"Халықаралық құқық нормаларына сәйкес, еуропалық елдерге жауап ретінде Ресейде 36 елдің әуе компанияларының ұшуына шектеу қойылды," - делінген хабарламада.
Ресей үстімен Австрия, Албания, Ангилья, Бельгия, Болгария, Британдық Виргиндік аралдар, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гибралтар, Греция, Дания (+Гренландия, Фарер аралы, Территориалдық теңіз), Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция, Эстония елдеріне тыйым салынды.