Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын – СІМ

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да салқынын тигізетінін атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді РИА Новости агенттігіне қажет болған жағдайда республика Ресей мен Украина елдерінің келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын екенін айтты.
Сонымен қатар, ол Ресейге қарсы енгізілген санкциялар Қазақстанға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті, өйткені санкциялар Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасына да бағытталған.