Экономика

Құрылыс компаниялары баспана сатуды уақытша тоқтатуы мүмкін

Құрылыс компаниялары құнын қайта қарау үшін жаңа тұрғын үйлерді сатуды тоқтата алады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты теңге айтарлықтай әлсіреді, бұл жылжымайтын мүлік құнына әсер етуі мүмкін. Сондықтан құрылыс компаниялары құнын қайта қарау үшін жаңа тұрғын үйлерді сатуды уақытша тоқтата алады, деп есептейді Sputnik Қазақстанмен ойын бөліскен сарапшылар.
Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының президенті Виктор Микрюковтың айтуынша, құрылыс материалдарының жартысынан көбі - импорт. Сондықтан ұлттық валютаның әлсіреуі тұрғын үй құнына әсер етеді.
"Бұл нақты емес (сатылымды тоқтата тұру). Компаниялар өздеріне зиян келтірмейді. Материалдардың 60%-нен астамы долларға сатып алынады және бағам дайын тұрғын үй құнына тікелей әсер етеді", - деп мәлімдеді Виктор Микрюков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Мұнымен Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев те келісіп отыр. Оның айтуынша, жақын арада құрылыс материалдарының бағасы өседі. Бұл баспана бағасына әсер етеді.
Виктор Микрюков болса, кейбір материалдар арзандауы да мүмкін деген ойда. Өйткені олар Ресейден жеткізіледі, сатып алушы рубльмен есеп айырысады.

"Тұрғын үй құнының күрт өсуі мүмкін емес. Бірақ құрылыс компаниялары үлескерлермен жасалған шарттардың құнын арттыру мәселесін қайта қарастырады деген деген қауіп бар", – деп толықтырды Виктор Микрюков.

Бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қазір валюта нарығындағы ахуал тұрақсыз екенін мәлімдеген болатын. Теңге бағамы нығаюы да, әлсіреуі де мүмкін.
Экономика
KASE сауда-саттығының қорытындысы шықты - доллар бағамы қандай