Қоғам

Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі бағасы өседі

Ертең, 1 наурыздан бастап темекінің ең төмен бағасы 550 теңге болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстан қаржы министрінің бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз темекілер мен папиростардың ең төмен бөлшек сауда бағасы белгіленді.
Фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бағасы:
2022 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғанда – 550 теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда –570 теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге болады.
Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.