Оқиға

Қарағандыда бірден үш дәмхана отқа оранды - видео

Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қарағандының өрт сөндірушілері жексенбіден дүйсенбіге қараған түні "Алтын Арба" базарындағы ірі өртті сөндірді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабар сағат 01:30-да түскен. "Алтын Арба" базарының аумағындағы үш дәмханада ағаш қаптама, жиһаз, жабдықтар мен ас үй керек-жарақтары отқа оранды. Өрттің жалпы ауданы 500 шаршы метр.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт 01:52-де департаменттің 52 қызметкерінің күшімен жойылды. Он бес техника қолданылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.