НАТО Украинаға қандай әскери көмек көрсетіп жатыр

Sputnik
Украинадағы әскери іс-қимылдардың басталғанына төрт тәулік болды. Ресейдің қарулы күштері 1 100-ден астам нысанды жойды. Очаково қаласындағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің әскери базасы да жермен жексен болды, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейдің әуе-ғарыш күштері мен авиация Украинадағы әуе кеңістігін бақылауға алды. Ірі қалалар қоршауда қалды. Соның ішінде Киев те бар, кейбір жерлерде қарулы қарсыласу әрекеттері жүріп жатыр.
Украинаның бас штабы болса, Донбастағы әскери топтың толығымен қоршауға алынғанын баяндады. Оны үшке бөліп, жойып тастады. Олар тығырыққа тірелгеннен кейін фосфорлық қару-жарақты пайдалана бастады деген ақпарат бар. Көшеде жаяу әскерге қарсы миналарды қойып кеткен. Ал жергілікті халыққа қару-жарақ таратылғаннан кейін Киев қаласында тонау мен қарақшылық көбейген сияқты. Оған қоса, Украинаның көшбасшысы Владимир Зеленский әскери тәжірибесі бар сотталған азаматарды босатуға шешім қабылдады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина мен Ресей арасындағы келіссөз аяқталды
Ал АҚШ пен оның кейбір одақтастары Киевке қару-жарақпен көмектесетінін мәлімдеді. Осылайша, соғыс отын көсеп отыр. Украина Ауғанстан сияқты болып кетсе, Еуропа біраз жылға хаосқа батып кетеді.
26 ақпанда АҚШ президенті Джозеф Байден Украинаға 600 миллион долларға "шұғыл әскери көмек" беруді тапсырды. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг болса, альянстың танкіге және әуе шабуылына қарсы жылжымалы жүйелерді, сондай-ақ оқ-дәріні жеткізу көлемін ұлғайтатынын мәлімдеді. Бұл жерде Батыстың "сириялық" тактикасы анық байқалады. Әрине, НАТО-ның көмегі – көлік құралдары мен қару-жарақтың бәрі Ресей жақтан нысанаға алынады, дейді автор.
Еуропалық одақтың қауіпсіздік саясаты пен шетелдік істер жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Украинаға әскери ұшақтардың жеткізілетіні туралы айтты. 26 ақпанда Польшаның әскери көмегі түсті. Чехия Киевке 7,6 миллион еуроның қару-жарағын бермекші. Соның ішінде 30 мың тапанша, 7 мың автомат, 3 мың оқшашар мен 1 миллионға жуық патрон бар. Бельгия Украинаның қарулы күштеріне 2 мың оқшашар жібермекші.
Германия канцлері Олаф Шольц Нидерландқа Panzerfaust атты 400 реавктивті граната атқышты жеткізуге рұқсат берді. Бұдан бөлек, Нидерланд билігі Stinger жылжымалы зенит-зымыран кешендерін беруге уәде етті.
Дания 2 мың бронды кеудеше мен 700 медициналық қобдишаны, ал Франция басшысы Эммануэль Макрон 1,2 миллиард еуроның қаржылай көмегі мен әскери техникасын жеткіземіз деген. Эстония танкіге қарсы Javelin зымырандары мен зениттік оқ-дәрілерді берсе, Литва 1,8 миллион еуроның қорғаныс пакетін ұсынбақшы.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы ахуал: НАТО-ның шұғыл жиыны қашан өтетіні белгілі болды
Венгрия Киевке қару-жарақ жеткізбейтінін мәлімдеді. Ал Германия қаруды тікелей жеткізумен айналыспайды.
Қазіргі кезде америкалық конгресмендер Украинаға 350 миллион доллардан 6,4 миллиардқа дейінгі көмек беру мәселесін талқылап жатыр.
Жақында Зеленский "интернационалдық қорғаныс легионының" құрылғанын жариялады. Оған өзге елдің әскерилері тартылады. Дания өз әскеріне Украинада соғысуға рұқсат берді. Ресейлік сарапшының ойынша, "интернационалистердің" атын жамылған НАТО әскері Львов қаласында шоғырлануы да мүмкін.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдай Ресей мен альянс арасындағы әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін мәлімдеді.
27 ақпанда Ресейдің жоғарғы бас қолбасшысы Владимир Путин АҚШ пен НАТО тарапынан қауіп-қатердің күшейіп жатқанына байланысты стратегиялық тежеуші күштерді ерекше әскери кезекшілік режиміне ауыстыруды тапсырды. Ертесінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу тапсырманың орындалғанын баяндады. Бұл дегеніміз, жағдай ушығып кетсе, Ресей ядролық соққымен жауап береді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина делегациясы Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Беларуське барды
Еуропа мен АҚШ бірден өз ұстанымын жариялады. Ақ үй АҚШ пен НАТО-ның Ресейге қауіп төндірмейтінін мәлімдесе, Американың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Пентагон Украинаның әуе кеңістігінде әрекет етпейді деп шықты. Ал Германияның сыртқы істер министрі Ресейді стратегиялық тежеуші күштерді ерекше әскери кезекшілік режиміне ауыстырмауға шақырды. Қазіргі кезде НАТО жағдайды ушықтырмау үшін қалай әрекет ету керектігін талқылауға кірісті.
Франция президентінің сайлауалды қарсыласы Эрик Земмур Мәскеудің негізгі талабын орындауды ұсынды. Оның ойынша, Франция батыс әріптестерімен және Ресеймен шұғыл келіссөздерді ұйымдастыруы қажет. Сөйтіп, НАТО-ның шығысқа қарай өсуіне тосқауыл қою қажет.
Негізі, Гомель облысындағы келіссөздер нәтиже бермесе, Ресейдің әскери операциясы жалғаса береді.