НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат тарады.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай хабарламаны мектептердің бірі таратқан.
Білім және ғылым министрлігі осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлады stopfake.kz.
"Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және министрлік сайтында жарияланады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратына сәйкес, мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ.
Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ.
Сондай-ақ, Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.