Қоғам

Еңбек биржасында бос жұмыс орын саны күрт азайды

Қаңтарда биржаға 70,2 мың түйіндеме келіп түскен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қаңтарда электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 68,3 мың бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс іздеушілер 70,2 мың түйіндеме берген.
"Қаңтарда жарияланған түйіндемелер санының күрт өсті. Ал жұмыс берушілер тарапынан сұраныс 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда төмендеді", - деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
2022 жылдың қаңтарында биржада былтыр желтоқсанмен салыстырғанда сұраныс 23%-ке төмендеген. Бір айда барлығы 68,3 мың бос жұмыс орны жарияланды.
Осы кезеңде жұмыс іздеушілер саны 3,3 есеге өскені байқалады. Қаңтарда биржаға 70,2 мың түйіндеме келіп түскен.
Қоғам
Еңбек министрлігі зейнет жасына жақындаған адамдарға жұмыс тауып береді