Беларусьтегі референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Дауыс берудің негізгі күні кеше аяқталды, кешке комиссия нәтижелерді есептеуді бастады
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Беларусьте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды.
Елдің орталық сайлау комиссиясы дауыс беру тізіміне 6 815 667 адам енгізілгенін хабарлады, дауыс беруге 78,63%, яғни жартысынан астамы қатысты. Соған байланысты референдум өтті деп танылды, деп хабарлады Sputnik Беларусь.
Толықтырулар мен өзгерістер енгізуге 65,16% (4 440 813 адам) дауыс берді, 10,07%-і (686 165 адам) қарсы болды.
Орталық сайлау комиссиясы нақты деректі 28 ақпанда жариялайды.
Айта кетері, құжат ел президентін сайлау және оны орнынан алу шарттарын, мемлекет басшысы қайтыс болған жағдайдағы іс-қимыл жоспарын қамтиды.