НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды. Бұл туралы музыкант өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.
Жазбасына ол Қазақстанның антикоррупциялық қызметінің хатын тіркеді.
Рузахунов бастапқыда тергеуге келуден бас тартқанын айтты, өйткені сол кезде бастан кешкен қорқыныш пен соққы әлі естен кеткен жоқ, деді ол.
"Менің адвокатым Нұрбек Токтакунов антикоррупциялық қызмет тергеушілеріне өздеріне осында келуге ұсынды. Телефон арқылы олар мені ұстаған жерді, әкелген мекемені, мені соққыға жыққан камераны өзім көрсетуім маңызды екенін айтты", - деп жазды музыкант.
Айтуынша, оны келуге көндірді. Музыкант адвокатымен бірге келеді.
Сонымен қатар ол антикоррупциялық қызметтен өзінің қауіпсіздігі туралы кепілдік беруді сұрағынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың күш қолданғанын мәлімдеген болатын.
Рузахунов жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан. Бірақ тәртіп сақшылары ол ақпаратты тексермеген.
"Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді", - деп жазды Рузахунов Instagram парақшасында.