Өңірлер

Павлодарда көлік мұз астына түсіп кетті - видео

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Sputnik
ПАВЛОДАР, 27 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында автокөлік Усолка өзеніндегі қатқан мұздың ортасындағы шұңқырға түсіп кетті. Құтқарушылар көлікті жағаға шығарып алды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
26 ақпан кешке 112 құтқару қызметіне Павлодардағы "Ertis Olympic" бассейні маңында жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткенін хабарланған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар мұзға түсіп кеткен "Ниваны" көрген. Көлікті жүк көтергіш пен ен арқан көмегімен жағаға шығарды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көлікті жағаға шығаруға екі автокөлік, 10 құтқарушы мен полицейлер қатысты.