Оқиға

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Полиция жол апатына байланысты тексеру жұмыстарын бастады
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Павлодар облысы Аққулы ауданында тас жолда апат болып, салдарынан екі адам қаза тапты, бір адам ауруханаға түсті.
26 ақпанда сағат 10.00-де Аққулы ауданы Тілектес ауылының жанында "Павлодар-Аққулы" автожолының 55-шақырымында "ВАЗ 21015" автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, "Тойота Камри 40" автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан "ВАЗ 21015" автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. "Тойота Камри 40" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Полиция жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру басталғанын хабарлады.