АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Алматыда экология үшін митинг басталды. Алматы орталығындағы Шоқан Уәлиханов алаңына журналистерді қосқанда 200-ге жуық адам жиналды.
Жиналғандар арасында белсенді экологтар, соның ішінде Мэлс Елеусізов бар.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан не болып жатқанын хабарлап отыр.
Митингіге қатысушылардың талабы - қалада қызу құрылысты бәсеңдету, жылу электр орталығын газға ауыстыруды жеделдету, экологияны жақсарту үшін бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану және азаматтарға ауаның ластануы туралы шынайы және нақты ақпарат беру.
Белсенділер демалыс күндері адамдардың серуендеуі үшін қаланың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын тоқтатуды сұрады.
Олардың айтуынша, қала басшылығы бірнеше жыл бұрын трамвайды тоқтату кезінде қателік жіберген.