НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Заңсыз импорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бюджетіне кері әсерін тигізеді, деді премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
Премьер елдер сыртқы және өзара сауда статистикасын теңестіріп, сыртқы сауда ағымын тазарту қажет екенін жиі айтатынын атап өтті.
"Қазіргі күні Қазақстан Қытай халық республикасымен шекарадағы кедендік бақылауды қатаңдатты. Қабылданған шаралар екі жарым айдың өзінде тауарлардың рәсімделуі мен кедендік төлемдердің төленуі нәтижесін көрсетті", - деді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстан Қытай халық республикасының өзге көрші елдерге импорты артқаны байқалатынын айтты. Бұл импорт болашақта ортақ нарыққа тиісті кедендік тазарту мен салық төлемдерінсіз түседі.
"Жалғыздың үні шықпас" деген мақал бұл жағдайды тура сипаттайды. Сондықтан сыртқы саудада, бірінші кезекте Қытай халық республикасымен сауда, сапалы әрі толыққанды кедендік рәсімдеулердің жүзеге асырылуына күш салу керек. Барлық процестер мен мәлімет алмасуды жедел түрде цифраландыру қажет", - деді Смайылов.
Премьер-министрдің пікірінше, бұл шынайы бәсекелестіктің дамуына негіз болады және салық пен кедентік төлем есебінен бюджет түсімдерін арттырады. Мұндай шара Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруі арқылы жүзеге асырылуға тиіс, деді премьер.
"Келіссөз алаңында талқылаумен іс бітпейді. Нақты қадамдар жасап, бірнеше сағаттық жиналыс өткізумен шектелуден бас тартатын кез келді", - деді ол.