НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. 25 ақпанда, НАТО-ның Украина бойынша шұғыл саммиті бейнеконференция форматында өтеді, деп хабарлайды ұйымның сайты.
Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат сегізде басталады. Келіссөз журналистер үшін жабық форматта өтеді. Бұған дейін НАТО-ның шұғыл саммиті өтетіні хабарланған болатын.
"9:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00). Президент Байден Украинадағы және оның айналасындағы қауіпсіздік жағдайын талқылау үшін шұғыл бейнеконференция форматында НАТО-ның мемлекет және үкімет басшыларымен кездеседі", - делінген Ақ үйдің құжатында.
БАҚ-тың хабарлауынша, кездесуге НАТО мүшесі емес Финляндия мен Швеция да шақырылды.
Украина мен Ресей қақтығысы
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", - деді Путин.
Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жасап, Ресей президентімен байланыса алмағынын, Украина соғысты қаламайтынын айтты.
Зеленский 90 күн ішінде Украинада жаппай мобилизация өткізу туралы қаулы қабылдады.
Сонымен қатар Зеленский жоғары басқолбасшы міндетін мойнына жүктеді.
Украина президенті соңғы мәліметтер бойынша, елдің 137 азаматы көз жұмғанын хабарлады. Оның оны - офицер. 316 адам жарақат алды.