Саясат

Президент бас прокурорды жаңа қызметке тағайындады

Бұған дейін президент Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатқан болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Осы күнге дейін Қазақстанның бас прокуроры қызметін атқарған Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
Ғизат Нұрдәулетов
Бұған дейін президент Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатқаны хабарланды. Ол енді тек президент көмекшісі болады.
Бүгін, 25 ақпанда президент әкімшілігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде де жаңа тағайындаулар болды.
Мемлекет басшысының өкімімен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына Болат Тілепов тағайындалды.
Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін Нұрлан Әбдірахманов атқаратын болды.