Саясат

Тоқаев Исекешевті қызметінен босатты

Президент Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатып, өзінің көмекшісі етіп тағайындады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Әсет Исекешев туралы не білеміз?

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.
2008 жылдың ақпанында Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2009 жылдың мамырынан – ҚР индустрия және сауда министрі.
2010 жылдың наурызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қаңтарынан – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қыркүйегінен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2014 жылдың тамызынан – ҚР инвестициялар және даму министрі.
2016 жылдың 21 маусымынан – Астана қаласының әкімі.
2018 жылдың 10 қыркүйегінен – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы.
2019 жылдың 25 наурызынан - Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры.
2020 жылы қаңтарда Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.