АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады.
Мемлекет басшысының өкімімен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына Болат Тілепов тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып Нұрлан Әбдірахманов тағайындалды. Ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Енді бұл қызметті Олжас Қизатов атқарады.
Мемлекет басшысының өкімімен Олег Смоляков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.