Саясат

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Брест қаласында өтеді

Отырыс биыл 21-22 маусымда өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Беларусь елінде өтеді, деп хабарлады Қырғызстанның премьер-министрі Ақылбек Жапаров.

"Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы белорустік биліктің бастамасы бойынша биыл 21-22 маусымда Брест қаласында өтеді", - деді Жапаров Нұр-Сұлтанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қорытындысында.

Ол әріптестеріне отырыс барысындағы нәтижелі жұмыс пен конструктивті диалог үшін алғыс білдірді.