Қаңтар оқиғасы

Алматыдағы бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады

Қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаладағы ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынның жалпы сомасы 34,3 миллиард теңгеге жеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 1413 кәсіпкер зардап шекті. 34,3 миллиард теңге шығын келді. Бұл туралы жұма күні өткен брифингте қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді.
23 қаңтар мен 23 ақпан аралығында алматылық кәсіпкерлер Infokazakstan.kz сайты арқылы шығынды өтеуге 1 752 өтінім түсірген. Спикердің айтуынша, кейбір адамдар бірнеше рет өтініш берген, сондықтан қазіргі уақытта сайттағы өтініштердің жалпы саны – 1 752. Мамандар қоңырау шалып, ақпаратты нақтылағаннан кейін 1413 кәсіпкер зардап шеккені анықталды.
"Қазіргі уақытта комиссия жалпы сомасы 2 029 313 422 теңге болатын 755 өтінішті қарады, оның ішінде 1 274 398 461 теңгенің 379 өтініші мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. Қалғандары "Жаңа Алатау" және "Сила в единстве" қорлары есебінен қаржыландырылып жатыр", - деді Айтуар Қошмамбетов.
Мақұлданған өтінімдердің ішінде сауда саласынан (зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, киім-кешек) 310 өтініш, бизнес орталықтардан 36 өтініш, қоғамдық тамақтандыру нысандарынан 26 өтініш түсті.

Алматы трагедиясы

Қайғылы оқиға 2022 жылдың қаңтар айының басында болды. Тәртіпсіздіктер сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан басталды. 2 қаңтарда Жаңаөзен қаласында митингі өтіп, артынан Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында оларға қолдау білдірді.
Алайда бейбіт митингілер жаппай бүлікке ұласып кетті. Әсіресе одан Алматы қаласы қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қарулы адамдар қала орталығын қиратып, қала әкімдігінің ғимараты мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.
Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.
Қоғам
Қаза тапқан полицейлердің отбасына қанша өтемақы төленеді