НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметі іске қосылды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Жедел қызмет желісі нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215
Колл-орталық 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-18:30 аралығында жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский үкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады.
Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді.
Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты. Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады.