Тоқаев ұлттық статистика бюросының басшысын тағайындады

Жандос Шаймарданов бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Жандос Шаймарданов стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Йорк университетін (Ұлыбритания) бітірген (2009), "Экономика және қаржы" мамандығы.
2009-2010 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы;
2010-2013 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ менеджері;
2013-2014 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;
2014-2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;
2016-2019 жылдары – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры;
2019-2020 жылдары – "QazTech Ventures" АҚ басқарма төрағасы;
2020 жылдан бастап – Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.