Қаңтар оқиғасы

Талдықорғанда қиратылған Назарбаев ескерткіші қалпына келтірілмейді

Бозымбаев қиратылған Назарбаев ескерткіші қалпына келтірілмедеген сұраққа жауап берді
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 ақпан – Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде тұғырдан құлатылған Елбасы ескерткіші қалпына келтірілмейді. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қалай айтсам екен. Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Шындығында, ескі ескерткішті қалпына келтіру мүмкін емес. Ол толығымен қиратылған", - деді Қанат Бозымбаев журналист сауалына.
2016 жылы Талдықорғанда бой көтерген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілер қиратып тастады. Бұл ескерткіштің авторлары – мүсінші Қазыбек Жарылғапов (2019 жылы қайтыс болған) пен Мирлан Азмағанбетов.
Қанат Бозымбаевтың баспасөз мәслихаты
Қола мен граниттен дайындалған композицияның биіктігі 8,5 метрден асады. Бұл елімізде Елбасының құрметіне қойылған екінші ескерткіш болды. Біріншісі Алматыда орнатылған. Сондай-ақ оның барельефі елордадағы "Мәңгілік ел" монументінде де бейнеленген.
Қоғам
Назарбаев өзіне тағы бір ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірді