НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина аумағында қанша қазақстандық жүргенін айтты.
"Қазіргі таңда 517 адам уақытша консулдық есепте тұр. Олар елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері. Ал 1113 адам – тұрақты консулдық есепте", - деді министрліктегілер.
Алайда СІМ бұл сандар әлі өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
"Қазір елге қайтқысы келетін азаматтар туралы ақпарат жинау жұмысы жүріп жатыр", - деді сыртқы саяси ведомство.
Бұған дейін Украинадағы соңғы жағдайларға байланысты Қазақстан елшілігі өз азаматтарын эвакуациялайтыны хабарланған еді.