Қоғам

Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды

Отандық әуе компанияларына тиісті нұсқаулық жіберілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
"Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар жіберді.
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметі іске қосылғаны туралы хабарланды.
Жедел қызмет желісі нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215
Колл-орталық 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-18:30 аралығында жұмыс істейді.