Қоғам

Наурыз мейрамы кезінде қосымша пойыздар іске қосылады

Елордадан Шымкентке, Алматыға қосымша пойыздар жүреді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанда Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мына коммерциялық пойыздарды іске қосады:
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 18, 21, 24 наурызда жөнелтіледі. Шымкенттен 19, 21, 25 наурызда кері қайтады;
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-1" бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 18 және 21 наурызда жолға шығады. Сол пойыз 19 және 22 наурызда кері қайтады;
"Ақтөбе – Атырау" бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 18 және 20 наурызда, ал Атыраудан 19 және 21 наурызда жолға шығады;
"Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 18 және 20 наурызда аттанады. Бұл пойыз 19 және 21 наурызда кері қайтады.
Қоғам
Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады
Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың бағыттары уақытша қысқартылды. Олар облыстар арасында жүреді:
"Алматы-2 – Саратов" бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 1 наурыздан тақ күндері, Оралдан Алматыға 4 наурыздан жұп күндері шыға бастайды;
"Қарағанды – Омбы" №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқарды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2 наурыздан бастап жұп күндері қатынайды;
"Алматы-2 – Новосібір" бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2 наурыздан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 3 наурыздан бастап тақ күндері жүреді;
"Атырау – Астрахань" бағытындағы №625/626 пойызы Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқарды, күнара қатынайды. Атыраудан кері бағытта құрам 2 наурыздан бастап жұп күндері жүреді.